Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қызылордада жаңартылған Президент паркі ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 наурыз, 2026 | 10:49
1 мин. - оқу уақыты

Қызылордада жаңартылған Президент паркі ашылды

31 гектар аумақтағы саябақта амфитеатр, шолу дөңгелегі мен спорт алаңдары бой көтерді

Қызылорда облысының әкімдігі
Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада қайта жаңғыртылған Президент паркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды QazMonitor.

Жаңа саябақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған абаттандыру жұмыстарының бір бөлігі саналады. Жоба шеңберінде өңірде санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жылдары Қызылордада бірыңғай дизайн код енгізіліп, елді мекендердің сәулеттік келбеті жаңартылып келеді. Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері заманауи панельдермен қапталып, аулаларда балалар ойын және спорт алаңдары салынуда.

Жаңартылған Президент паркі заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда субұрқақтар, амфитеатр, спорт және ойын алаңдары, би және шахмат аймақтары, футбол мен баскетбол алаңдары орналастырылған. Сондай-ақ биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер бар.

Жалпы аумағы 31 гектар болатын саябаққа 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл отырғызылған.

Саябақ аумағын дамыту аясында бірқатар ірі жобалар да қолға алынған. Атап айтқанда, 6 гектар жерде 300 орындық балалар лагері, 2,4 гектарда ботаникалық білім беру орталығы, сондай-ақ 8,2 гектарда тоғыз қабатты 15 тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта жаңа драма театр мен Президенттік кітапхана салу жоспарланған.

Салтанатты рәсім барысында саябақты қайта жаңғыртуға үлес қосқан мердігер ұйым өкілдері мен экологиялық бастамаларға белсенді қатысқан еріктілер марапатталды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.