Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандық ғалымдар инновациялық су сүзгілерін ойлап тапты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 30 наурыз, 2026 | 14:09
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстандық ғалымдар инновациялық су сүзгілерін ойлап тапты

Отандық алғашқы үш сатылы су тазарту құрылғысы импортты алмастыруы мүмкін

gov.kz
gov.kz

Қазақстандық ғалымдар ауызсу сапасын арттыруға бағытталған инновациялық су сүзгілерін әзірлеуде. Жоба С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Университеттің қауымдастырылған профессоры, PhD Тілек Қуанышбековтің айтуынша, жаңа технология тұрмыстық және өндірістік мақсатта қолдануға арналған. Әзірлеме су ресурстарын тиімді пайдал ану және су айдындарының ластану мәселесін шешуге бағытталған.

Ғалымдар «Су нысандарын тазарту үшін композициялық сүзгі материалдарын өндіру» жобасы аясында биополимерлер, керамикалық және көміртекті материалдар негізінде заманауи сүзгілеуші сорбенттер жасауда. Олар графит оксидімен модификацияланып, суды түрлі қоспалар мен зиянды заттардан тиімді тазартуға мүмкіндік береді.

Жобаның ерекшелігі – сүзгі картридждерін өсімдік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын карбонизациялау арқылы өндіру. Бұл тәсіл экологиялық тұрғыдан тиімді әрі өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуге жол ашады.

Сүзгілер толықтай университет базасында жасалады: картридждерді құрастыру, корпустарын өндіру және дайын өнімді сынақтан өткізу осы жерде жүргізіледі. Ол үшін арнайы термопластавтомат жабдығы сатып алынған.

Зерттеу нәтижесінде үш сатылы су тазарту құрылғысын әзірлеу жоспарланып отыр. Оны тұрмыстық жағдайда пайдалануға болады. Қажетті сертификаттар алынғаннан кейін өнімді нарыққа шығару көзделіп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.