Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Зейнетақыға қатысты 20% ұсталады деген ақпарат теріске шығарылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 30 наурыз, 2026 | 15:57
1 мин. - оқу уақыты

Зейнетақыға қатысты 20% ұсталады деген ақпарат теріске шығарылды

Ресми органдар бұл мәліметтің жалған екенін және тек ресми дереккөздерге сену қажет екенін ескертті

Joshua Miranda/Pexels
Joshua Miranda/Pexels

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқартылады деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатқаны хабарланды.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға артты.

2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-ына дейін ұлғайтылып келеді.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері 60 005 теңгені (күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін) құрады.

Азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сүйену ұсынылады. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.