Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Су тасқынымен күреске әскери қызметшілер жұмылдырылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 03 сәуір, 2026 | 10:55
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Су тасқынымен күреске әскери қызметшілер жұмылдырылды

Аумақтық қорғаныс бригадалары бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр

gov.kz
gov.kz

Астана» өңірлік қолбасшылығының 150 әскери қызметшісі жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Тасқын қаупі бар өңірлерде тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын су басып қалмау үшін инженерлік және профилактикалық шаралары кешенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазір бірлескен жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп, қауіпті учаскелерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

99265 және 99260 әскери бөлімдерінің сарбаздары инертті материалдар салынған қапшықтар төсеп, бөгеттерді нығайтып жатыр. Сондай-ақ су ағатын арналарды қар мен мұздан тазалау жұмыстарын жүргізілуде.

Ақмола, Қостанай облыстарының аумақтық қорғаныс бригадаларының күшімен 13 тұрғын үйдің ауласы қардан тазартылды. Ал бөгеттерге 3 мыңнан астам қапшық төселді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.