Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. HiPP балалар тағамына қатысты тексеру жүргізілуде
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 сәуір, 2026 | 16:32
1 мин. - оқу уақыты

HiPP балалар тағамына қатысты тексеру жүргізілуде

Өнім Қазақстанда тіркелмеген және сатылымнан табылған жоқ

www.kaboompics.com/Pexels
www.kaboompics.com/Pexels

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық комитеті Германияда өндірілген HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы ақпаратқа байланысты тиісті тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды QazMinitor .

Уәкілетті орган мәліметінше, аталған бұзушылық туралы ақпарат Еуропалық одақтың құзыретті органдарынан Азық-түлік пен жемшөптің сапасы бойынша жедел хабарлау жүйесі (RASFF), сондай-ақ ДДСҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық органдар желісі (INFOSAN) арқылы келіп түспеген.

Сондай-ақ бұл өнім Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің Бірыңғай тізілімінде тіркелмеген. Осыған байланысты оны Қазақстанда және ЕАЭО елдерінде сатуға рұқсат етілмейді.

Комитет өнімнің ықтимал сатылуын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Аумақтық бөлімшелер жүргізген мониторинг нәтижесінде аталған өнім ел аумағындағы сауда орындарынан табылмаған.

Ведомство өнім сатылымда анықталған жағдайда жедел шара қабылдау үшін азаматтарды комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға шақырды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.