Астанада ауа райының жылынуына байланысты 2026 жылдың 22 сәуірінен бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды, деп хаабарлайды QazMonitor.
Қалалық қызметтердің мәліметінше, жылу беру жүйесі кезең-кезеңімен тоқтатылып, алдымен денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет нысандары, кейін тұрғын үй қоры ажыратылады.
Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы штаттық режимде өтіп, ірі ақаулар мен үзілістер тіркелмеген.