Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағы салынып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 28 сәуір, 2026 | 16:30
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағы салынып жатыр

Жоба рейстер санын арттырып, Шымкентті ірі карго-хабқа айналдыруға мүмкіндік береді

ҚР Көлік министрлігі
ҚР Көлік министрлігі

Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба тек жаңа жолақты салумен шектелмей, қажетті инфрақұрылымды дамытуды да қамтиды. Атап айтқанда, рулеждік жолдар, ИКАО-ның III санаттағы жарық-сигналдық жабдықтары, авариялық-құтқару қызметтері, инженерлік желілер және периметрлік қоршау қарастырылған.

Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде әуежайда екі ұшу-қону жолағы жұмыс істейтін болады. Бұл рейстер санын едәуір арттыруға, халықаралық бағыттар желісін кеңейтуге және күрделі ауа райы жағдайларында әуежайдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жоба барлық үлгідегі ірі жүк әуе кемелерін қабылдауға жағдай жасап, Шымкентті карго-хаб ретінде дамытуға жол ашады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.