Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жетісу облысында тазы мен төбет өсіретін бірегей ұлттық орталық пайда болады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 30 сәуір, 2026 | 10:58
1 мин. - оқу уақыты

Жетісу облысында тазы мен төбет өсіретін бірегей ұлттық орталық пайда болады

Кешен маусым айының соңына дейін пайдалануға беріледі

Mariana Serban/Pexels
Mariana Serban/Pexels

Жетісу облысының Көксу ауданында қазақтың тазы және төбет тұқымдарын өсіруге арналған ұлттық орталық салынып жатыр. Бірегей кешеннің құрылыс барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысты, деп хабарлайды QazMonitor өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Жоба қазақы ит тұқымдарын жаңғыртуға бағытталған және Қазақстан мен ТМД елдерінде баламасы жоқ нысан ретінде сипатталады.

Орталық аумағында барлығы 23 әкімшілік нысан бой көтерген. Олардың қатарында жатақхана, гараж, жем дайындайтын ас үй, ветеринарлық клиника және иттерді күтіп-ұстауға арналған арнайы үй-жайлар бар. Сонымен қатар иттерге арналған жүгіру жолағы, ат қора, сондай-ақ тазы мен төбеттерді аңшылыққа және салт атты адаммен бірге жүруге үйрететін жабық манеж қарастырылған.

Мердігер ұйым басшысы Рахмет Медеттің айтуынша, кешен құрылысы іс жүзінде аяқталуға жақын. Қазіргі таңда инженерлік желілер толық тартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын маусым айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Нысанда бүгінде 100-ге жуық адам еңбек етуде.

Жоба аясында орталықта ит өсіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі. Мұнда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылған ғылыми орталық қызмет атқарады. Алдын ала мәлімет бойынша, орталықта 50 тазы және 50 төбет тұқымды ит ұсталмақ.

Айта кетейік, жобаны қаржыландыру «Астана-20» қорының демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.