Абай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған ауқымды стратегия іске асырылып жатыр. Негізгі басымдықтар қатарында ет өндірісін ұлғайту, құс шаруашылығын дамыту, сүт фермаларын салу және суармалы жерлерді тиімді пайдалану бар, деп хабарлайды QazMonitor.
2031 жылға дейін өңірдің инвестициялық жобалар тізіміне жалпы құны 254 млрд теңгені құрайтын 90 бастама енгізілген.
Құс және сүт өндірісі кеңейеді
Бесқарағай ауданында жылына 150 млн жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салу жоспарланған. Құны 5,5 млрд теңгені құрайтын жоба биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағытында да нақты жобалар іске асырылуда. Жарма ауданында 600 басқа арналған және Бесқарағай ауданында 1200 басқа арналған сүт фермаларын салу көзделіп отыр.
19 ірі жоба – 2029 жылға дейін
Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен Жол картасы аясында жалпы құны 112,5 млрд теңге болатын 19 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Биыл соның алтауы іске қосылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Іске қосылған өндірістер бар
Қазіргі таңда бірқатар жобалар өндірістік кезеңге өткен. Мәселен, биыл ақпанда «Агролидер KAZ» компаниясының бұршақ және өзге де дақылдарды өңдеу және тазалау зауыты іске қосылды. Жобаның құны – 4 млрд теңге.
Ірі жобалар алда
Алдағы кезеңде екі ірі өндіріс нысаны іске қосылады:
«Qazaq Astyq Group» базасында жылына 72 мың тонна күнбағыс майын өндіретін зауыт (8,3 млрд теңге);
«Евразия Агро Семей» базасында жылына 11 400 тонна өнім шығаратын ет комбинаты (7,7 млрд теңге).
Мамандардың айтуынша, бұл жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік