Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда Президент туралы конституцялық заң жобасы таныстырылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 мамыр, 2026 | 12:45
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда Президент туралы конституцялық заң жобасы таныстырылды

Заң жобасын Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев таныстырды

gov.kz
gov.kz

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның сөзінше, жоба мемлекеттік биліктің жаңартылған конституциялық архитектурасы жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызмет тетіктерін жүйелі түрде айқындайды.

Заң жобасында президенттік институтқа қатысты бұрын енгізілген демократиялық шектеулер, оның ішінде Президент өкілеттігінің жеті жылдық бір реттік мерзімі, Мемлекет басшысының партияда болмауы туралы талаптар, сондай-ақ оның жақын туыстарына қатысты шектеулер сақталадатынын атап өтті.

Сонымен қатар заң жобасында Президенттің Құрылтаймен, Үкіметпен, Қазақстан Халық Кеңесімен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимылының жаңа конституциялық тетіктері бекітіледі.

Заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі – Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын енгізу болып табылады. Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен тағайындау тәртібі, кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары, өкілеттіктерін тоқтатудың негіздері, сондай-ақ мемлекеттік биліктің жоғары органдары қызметінің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі функциялары көзделеді.

Бұдан бөлек, заң жобасында Президент актілеріне қатысты мәселелер реттеледі, оның ішінде Конституцияда көзделген жағдайларда заң күші бар жарлықтар шығару мүмкіндігі қарастырылады. Бұл конституциялық кепілдіктерді сақтай отырып, мемлекеттік басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.