Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ақтауда Каспий теңізі жағалауында заманауи қоғамдық кеңістік салынады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 мамыр, 2026 | 14:32
1 мин. - оқу уақыты

Ақтауда Каспий теңізі жағалауында заманауи қоғамдық кеңістік салынады

4,5 шақырымдық жағалау 2026-2029 жылдар аралығында 5 кезеңмен жүзеге асырылады

Qazaqstan Monitor: Ақтауда Каспий теңізі жағалауында заманауи қоғамдық кеңістік салынады

Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауы бойында жүзеге асырылатын заманауи жағалау құрылысы жобасы таныстырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Ауқымды жоба өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, қолайлы қалалық орта қалыптастыруға және тұрғындар мен қала қонақтарына арналған заманауи қоғамдық кеңістік құруға бағытталған. Жалпы ұзындығы шамамен 4,5 шақырымды құрайтын жағалау құрылысы 5 кезең бойынша жүзеге асырылады.

Жобаның тапсырыс берушісі – «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ, инвесторы – NCOC N.V., мердігер мекеме – «Нұрсат» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2026 жылғы сәуірде басталып, жобаны 2029 жылдың қаңтарында аяқтау жоспарланған.

Жоба аясында серуендеу аймақтары, велосипед және жүгіру жолақтары, шолу алаңдары, субұрқақтар, скейт-парк, балалар және спорт алаңдары, демалыс орындары, фудкорттар мен сервистік павильондар салынады. Сонымен қатар пирстер, абаттандырылған жағажай аймақтары және балалар бассейндері қарастырылған.

Сондай-ақ құрылыс барысында күн энергиясын пайдаланатын сыртқы жарықтандыру жүйелері, сәулеттік жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру желілері, көгалдандыру және Каспий теңізі жағалауының экожүйесін сақтауға бағытталған заманауи инженерлік шешімдер енгізіледі.

Жоба таныстырылымы барысында облыс әкімі жағалаудың сәулеттік келбеті өңірдің тарихи-мәдени ерекшелігін айшықтауы қажет екенін атап өтті.

Жоба іске асқан жағдайда Ақтауда халықаралық талаптарға сай заманауи жағалау қалыптасып, өңірдің туристік тартымдылығы артады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.