Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Әуежайларда паспорттық бақылаудан өтуге арналған терминалдар пайда болады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 мамыр, 2026 | 12:34
1 мин. - оқу уақыты

Әуежайларда паспорттық бақылаудан өтуге арналған терминалдар пайда болады

Биометриялық сәйкестендіру пилоты Астана — Шымкент бағытында іске қосылады

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында Q-Gate жүйесі — паспорттық бақылаудан өз бетінше өтуге арналған автоматтандырылған мультибиометриялық терминал — Астана және Алматы әуежайларында іске қосылып қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл технология бақылаудан өту уақытын үш минуттан 50 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Цифрландырудың келесі кезеңі ішкі авиарейстерде биометрияны енгізу болмақ. Пилоттық жобаны Астана — Шымкент бағытында жүзеге асыру жоспарлануда.

Өзгерістер жүк тасымалына да қатысты болады. Авиация саласына e-Freight жүйесі енгізілуде, бұл жүктерді өңдеуді жылдамдатуға және процестерді толықтай цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық әуежайларында жолаушыларды биометриялық тексеруден өткізуді енгізу 2024 жылы-ақ жарияланған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.