2026 жылғы 1 сәуірден бастап елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды QazMonitor.
Жаңа бастама балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған.
Лицензияның қолданылу мерзімі бес жыл болып белгіленді. Бұл ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу қажеттілігін жояды. Сонымен қатар, бұл тәсіл ұйымдар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік бақылауды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді.
Лицензиялау жүйесі балаларға көрсетілетін білім беру және сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Жаңа талаптарға сәйкес балалар сауықтыру орталықтары инфрақұрылым, кадрлық қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және қауіпсіздік стандарттары бойынша белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.
Сонымен қатар жаңа жүйе талаптарға сәйкес келмейтін және қауіпсіздік нормаларын сақтамайтын бейресми ұйымдардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қызмет сапасын арттырып, ұйымдардың жауапкершілігін күшейтеді.
Балалар сауықтыру орталықтарына қойылатын негізгі талаптар:
білім беру және сауықтыру бағдарламаларының болуы;
білікті педагогикалық және медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі;
санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы;
қауіпсіздік жүйелерінің болуы;
материалдық-техникалық базаның стандарттарға сәйкестігі.
Жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында өңірлерде әкімдіктер жанынан ведомствоаралық штабтар құрылды. Арнайы комиссиялар балалар сауықтыру орталықтарының маусымға дайындығын алдын ала