Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Дүниежүзілік ұйым Қазақстанды аусылдан толық таза деп таныды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 мамыр, 2026 | 16:26
1 мин. - оқу уақыты

Дүниежүзілік ұйым Қазақстанды аусылдан толық таза деп таныды

Ет экспортына даңғыл жол ашылды

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Париж қаласында өткен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) 93-ші Бас сессиясында ұйымға мүше 183 елдің делегаттары Қазақстанға аусылға қарсы вакцинацияланған таза аймақ мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Ресми сертификат бүгін Қазақстан делегациясына табысталды, деп хабарлайды QazMonitor.

Қазақстан Шығыс және Орталық Азия елдерінің ішінде WOAH халықаралық стандарттарына сәйкес, бүкіл аумағы аусыл ауруынан таза деп танылған жалғыз ел.

Бұл 2024 жылдан бері ел үкіметі жүргізіп келе жатқан ауқымды әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мемлекеттің ветеринариялық жүйесін даярлау және бағалау аясында эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау, ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру және биологиялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында ветеринариялық-профилактикалық, мониторингтік, ұйымдастырушылық және бақылау шаралары кешенді қолға алынды.

Министрдің айтуынша, бұл мәртебе Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, шетелдік сауда серіктестерінің сенімін арттыруға және отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге жол ашады.

Аталға ұйымның 93-ші Бас сессиясы аясында Ауыл шаруашылығы министрі бастаған қазақстандық делегация халықаралық ветеринария саласындағы негізгі мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Әсіресе биологиялық қауіпсіздік, жануарлардың трансшекаралық ауруларына қарсы күрес және ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.