Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 215 мыңнан астам түлек мектеп бітірді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 мамыр, 2026 | 12:31
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда 215 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Осы оқу жылында қушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда 1 000-нан астам медаль жеңіп алды

Фото: Астана әкімдігінің сайты
Фото: Астана әкімдігінің сайты

Бүгін 3,9 млн астам қазақстандық оқушы 2025-2026 оқу жылын тәмамдады, оның ішінде 215 мыңнан астам түлек мектеп бітірді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025-2026 оқу жылында Қазақстан дарынды оқушыларды қолдау жұмысын күшейтті. 80-нен астам республикалық зияткерлік жарысқа 1,6 млн-ға жуық оқушы қатысты.

Халықаралық деңгейде ел намысын 5 052 оқушы қорғады. Олар 37 олимпиада мен ғылыми конкурсқа қатысып, 1 026 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 190 алтын, 332 күміс және 504 қола медаль бар. Тағы 56 қатысушы арнайы марапаттарға ие болды.

Бұдан бөлек қазақстандық оқушылар Финиксте өткен әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік көрме Regeneron ISEF-ке де қатысты. Қатысушылардың бірі жасанды интеллектіні қолдану арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтау жобасы үшін арнайы марапат пен шетелдік университеттің білім грантын алды.

Хьюстонда өткен робототехника бойынша халықаралық жарыстарда қазақстандық оқушылар 50 мыңнан астам қатысушы арасында 12 наградаға ие болды. Күздің соңына дейін ел оқушылары тағы 10-нан астам халықаралық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері біржолғы төлем алады. Алтын медаль үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш, күміс медаль үшін 1000, қола медаль үшін 500 айлық есептік көрсеткіш қарастырылған. Педагог-жаттықтырушылар 8,5-тен 26,5-ке дейінгі базалық лауазымдық айлықақы көлемінде ынталандыру төлемдерін алады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.