Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандағы барлық наркологиялық орталықтар жаппай тексеріледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 маусым, 2026 | 09:30
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстандағы барлық наркологиялық орталықтар жаппай тексеріледі

ДСМ жүргізушілерді куәландыру тәртібін қайта қарайды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандағы наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Денсаулық сақтау министрлігінде жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өтті. Онда азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау бойынша куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған фактілер қаралды.

Ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнаманың шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін ҚР ДСМ-нің тиісті бұйрығына рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.