«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық және көлік жобаларының бірі – Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын кешенді диагностикалау жұмыстарына кірісті. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Бүгінде ҮАААЖ Алматы қаласы мен Алматы облысының көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Автомобиль жолы қала көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтуға, транзиттік көлік қозғалысын жеделдетуге және өңірдің логистикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Осыған байланысты жолдың техникалық жай-күйін жүйелі бақылау, оны пайдаланудың заманауи тәсілдерін енгізу және инфрақұрылымның ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ерекше маңызға ие.
Зерттеулер барысында жол жамылғысының жай-күйі бағаланып, оның тегістігі, ілінісу коэффициенті мен кедір-бұдырлық параметрлері анықталады. Сондай-ақ, ақаулар мен бұзылулар анықталып, жол бойындағы көпірлер, жол өткелдері және басқа да жасанды құрылыстардың техникалық жағдайына тексеру жүргізіледі.
Сонымен қатар, жол жамылғысы мен жол конструкцияларының нақты техникалық жай-күйі туралы объективті деректер алуға мүмкіндік беретін аспаптық және зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Кешенді диагностика нәтижелері бойынша ҚазжолҒЗИ мамандары ҮАААЖ одан әрі күтіп-ұстау, жөндеу және дамыту жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлейтін болады.
Бұдан бөлек, ынтымақтастық аясында салмақтық-габариттік бақылау жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. ҚазжолҒЗИ мамандары автоматтандырылған салмақтық-габариттік бақылау құралдарына қойылатын талаптарды белгілейтін автокөліктердің салмақтық және габариттік параметрлерін автоматты түрде өлшеуге арналған арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы құжаты жобасының алғашқы редакциясын әзірледі.