Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан Германия, Дания және Норвегияға көксерке сүбесін экспорттайды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 қазан, 2025 | 15:42
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан Германия, Дания және Норвегияға көксерке сүбесін экспорттайды

«Қарашалаң балық» зауыты халықаралық сапа стандарттарына сай өнім өндіреді

Qazaqstan Monitor: Қазақстан Германия, Дания және Норвегияға көксерке сүбесін экспорттайды

Қызылорда облысында балық шаруашылығы қайта жанданып келеді. Арал ауданында орналасқан жаңа «Қарашалаң балық» зауытында жыл сайын 6000 тоннаға дейін балық өнімі өңделмек.

«Зауыт заманға сай жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған жән экологиялық таза, халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай өнім өндіруге бағытталған», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Ведомство мәліметінше, жаңа зауытқа 430 млн теңге инвестиция салынған. К\Мұнда негізінен көксерке сүбесі (филесі) шығарылып, дайын өнім Германия, Дания және Норвегия елдеріне жеткізіледі.

«Қарашалаң балық» зауытының іске қосылуы балық шаруашылығын қайта түлетіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына елеулі серпін беретін, сондай-ақ балық аулау дәстүрін қалпына келтіруге және Аралдың табиғи қорын тиімді пайдалануға бағытталған маңызды қадам болды», – деп атап өтті министрлік өкілдері.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.