Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 маусым, 2026 | 09:51
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

Қазақстанның ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді

Фото:  Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) өз мәресіне жетті. Беделді халықаралық білім додасына әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

Күміс медаль иегерлері Сейтқамит Арғын – Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағыттағы NIS-тің 11-сынып оқушысы; Әбдіқадыр Таир – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; Сабыров Мерген – Астана қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы. Ал Алматы қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы Жоламан Абылайхан қола медаль иегері атанды.

Ұлттық құраманың халықаралық олимпиадаға қатысуын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Бекмырза Бейсенов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Темірлан Исмағұлов үйлестірді.

Айта кетейік, Еуропалық физика олимпиадасы – физика пәні бойынша дарынды оқушылардың теориялық білімі мен эксперименттік дағдыларын бағалайтын беделді халықаралық жарыстардың бірі. Қазақстандық оқушылардың кезекті жетістігі еліміздің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттырып, жас физиктердің жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.