Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда апорт бақтарының аумағы 110 гектарды қамтитын болады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 маусым, 2026 | 16:47
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда апорт бақтарының аумағы 110 гектарды қамтитын болады

Мамандар алма ағаштарын отырғызуға қажетті сапалы көшет материалдарын дайындап жатыр

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Президенті Іс басқармасымен бірлесіп, әйгілі қазақстандық Апорт алма бақтарын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Жоспарға сәйкес, 2027 жылға дейін осы бірегей сұрыптың жаңа екпелерінің аумағы тағы 100 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 110 гектарға жетпек.

Зерттеу нәтижесінде Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің аумағындағы жабайы алма ағаштарының популяцияларынан 30 түрлі үлгі жиналды.

Іріктеліп алынған Апорт клондарынан зертханалық (in vitro) жағдайда вирустық аурулардан таза көшеттер алынды. Молекулалық талдау негізінде ғалымдар ДНҚ-профильдері сәйкес келетін 11 сұрып-телітуші комбинациясын анықтап, көшеттер өсірді.

Қазіргі уақытта мамандар алдағы 100 гектар жерге алма ағаштарын отырғызуға қажетті сапалы көшет материалдарын дайындап жатыр.

Қазақстандық алманың мәртебесі мен бірегейлігі халықаралық деңгейде де мойындалуда.

«Апорт» бренді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) беделді «Бір мемлекет – бір басым дақыл» халықаралық бастамасы аясында Қазақстанның басым дақылы ретінде ресми түрде ұсынылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.