Алматыда 2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасуда, деп хабарлайды QazMonitor.
Алматы қаласы білім басқармасының мәлімдетінше, биыл қаладағы 214 мемлекеттік мектепке шамамен 31 мың баланы бірінші сыныпқа қабылдау жоспарланып отыр. Құжат қабылдау 10 маусымда басталған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуде.
Ата-аналар өтінішті электрондық үкіметтің egov.kz порталы арқылы немесе мектепке тікелей барып қағаз түрінде тапсыра алады.
Бірінші сыныпқа қабылдау ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде, ешқандай қабылдау емтиханынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте білім беру ұйымына бекітілген аумақта тұратын балаларға басымдық беріледі.
Сонымен қатар, мектептерде 3:1 қағидаты қолданылады. Яғни, микроучаскеге жатпайтын бір балаға мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын үш бала қабылданады.
Білім басқармасының мәліметінше, өткен жылғы қабылдау науқаны барысында 38 мыңнан астам өтініш түсіп, оның нәтижесінде бірінші сыныпқа 29 561 бала қабылданған. Сондай-ақ қазақ тілінде білім беретін сыныптарға қабылданған оқушылар санының артып келе жатқаны атап өтілді.
Ведомство өкілдері қабылдау өтініштердің кезектілігі мен мектептердегі бос орындардың болуына қарай жүргізілетінін еске салды.