Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 590 мың қазақстандықтың 22 млрд теңгеден астам айыппұлы есептен шығарылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 шілде, 2026 | 13:54
1 мин. - оқу уақыты

590 мың қазақстандықтың 22 млрд теңгеден астам айыппұлы есептен шығарылды

Әкімшілік рақымшылық аясында 1,3 млн-нан астам әкімшілік өндірістің орындалуы тоқтатылды

Kapital.kz
Kapital.kz

Қазақстанда әкімшілік рақымшылық аясында 590 мыңға жуық азаматқа қатысты 1,3 млн-нан астам әкімшілік өндірістің орындалуы тоқтатылып, жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды. Бұл туралы QazMonitor ІІМ-нің Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтің айтуынша, әкімшілік рақымшылық – бір реттік ізгілік шарасы. Ол азаматтарды болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Еске салайық, 1 шілдеде Президент рақымшылық туралы заңға қол қойған болатын. Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқық бұзушылықтар бойынша жазаны ізгілендіруге бағытталған.

Әкімшілік рақымшылық жеке тұлғаларды, кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, адвокаттарды, қандастарды және басқа да азаматтарды заңда көзделген баптар бойынша әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатуды қарастырады.

Бұған дейін әкімшілік рақымшылық аясында есептен шығарылған айыппұлдар туралы азаматтарға SMS-хабарлама жіберілетіні хабарланған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.