Алматы қаласының Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Қазан қаласында өткен «Шомбай-fest – 2026» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Театр ұжымы фестивальде «Ортеке» спектаклін ұсынып, Гран-приге лайық деп танылды, деп хабарлайды QazMonitor.
Қалалық Мәдениет басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында театр халықаралық сахналарда Қазақстанның атынан сәтті өнер көрсеткен.
Бұдан бөлек, театр Румыниядағы Халықаралық Шекспир фестиваліне қатысып, 2027 жылы өтетін тағы бір беделді халықаралық театр форумына шақырту алған.
Сондай-ақ ұжым «BIKEN FEST» фестиваліне қатысып, 2027 жылы ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастыратын халықаралық фестивальге қатысуға шақыртуға ие болды.