Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.
Жаз басталғалы бері қалада мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуының 123 дерегі тіркелген.
Құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 19 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қала тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Қала прокуратурасы әрбір құқық бұзушылық дерегі бақылауда екенін мәлімдеді.