Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алакөлде бір ай ішінде полиция адасып кеткен 95 баланы ата-анасына табыстады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 27 шілде, 2026 | 16:36
1 мин. - оқу уақыты

Алакөлде бір ай ішінде полиция адасып кеткен 95 баланы ата-анасына табыстады

Полицейлер мас күйінде көлік басқарған 24 жүргізушіні анықтаған

Фото: Ішкі істер министрлігі
Фото: Ішкі істер министрлігі

Туристік маусым басталғаннан бері полицейлер 110 хабарлама мен шақыртуға ден қойып, түрлі жағдайларға тап болған ондаған туристке көмек көрсетті. Сондай-ақ адасып кеткен 95 бала ата-анасына аман-есен табысталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қызмет барысында 1014 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар қоғамдық тәртіпті бұзу және жол қозғалысы қағидаларын сақтамауға қатысты болды.

Тәртіп сақшылары көлік құралдарын мас күйінде басқару деректері ерекше алаңдаушылық туғызғанын атап өтті. Осы кезеңде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 24 жүргізушіні анықтап, оларды көлік басқарудан шеттетіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартты.

Полиция курорттағы қауіпсіздік тек полиция қызметкерлерінің жұмысына ғана емес, әрбір демалушының жауапкершілігіне де байланысты екенін еске салады. Полицейлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстануға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.