Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада алаяқтардың қоңырауларын бұғаттайтын Anti Call-орталығы іске қосылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 03 тамыз, 2026 | 15:45
1 мин. - оқу уақыты

Астанада алаяқтардың қоңырауларын бұғаттайтын Anti Call-орталығы іске қосылды

Астанада алаяқтық қылмыстардың жалпы саны 3,5 пайызға, ал интернет-алаяқтық деректері 12 пайызға азайған

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы алаяқтық қоңырауларды бұғаттайтын Anti Call-орталығын іске қосты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның басты мақсаты – интернет арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу. Астана қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Нұрислам Балтабековтың айтуынша, орталық Қазақстан аумағынан да, шетелден де келіп түсетін күмәнді қоңырауларды анықтап, бұғаттайды. Anti Call-орталығының операторлары кибералаяқтарды әңгімеге тартып, олардың уақытын алады және әлеуетті құрбандарына хабарласуына кедергі келтіреді.

Оның мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда Астанада алаяқтық қылмыстардың жалпы саны 3,5 пайызға, ал интернет-алаяқтық деректері 12 пайызға азайған.

Сондай-ақ өткен жылы елордада екі қылмыстық Call-орталықтың қызметі тоқтатылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.