Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Мектептердің 99%-ы санитариялық қауіпсіздік талаптарына тексерілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 тамыз, 2026 | 13:59
1 мин. - оқу уақыты

Мектептердің 99%-ы санитариялық қауіпсіздік талаптарына тексерілді

Мектеп асханаларының 95%-ы мен медициналық пункттердің 96%-ы мониторингпен қамтылды

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Жаңа оқу жылына дайындық аясында денсаулық сақтау министрлігі мектептердің 99%-ын санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты мониторингпен қамтыды. Оның ішінде мектеп асханаларының 95%-ы және медициналық пункттердің 96%-ы тексерілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға қатысты 8,4 мың нұсқама беріліп, жедел ден қоюдың 287 шарасы қабылданды.

13 тамыздағы жағдай бойынша берілген нұсқамалардың 82,8%-ы, яғни 6 961 нысан бойынша талаптар орындалды.

Мектептердегі тамақтану мәселесіне ерекше назар аударылды. Мониторинг барысында мектеп асханаларының 95%-ы немесе 6 338 нысан қамтылды.

Сонымен қатар 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балаларға арналған нысандарға мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі қолданылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.