19 тамызда Астанадағы alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 халықаралық форумы өтеді. Іс-шара гуманоидты робототехника, Embodied AI, бизнес және жаңа технологияларды практикалық қолдану бағыттарын біріктіретін Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған алаңдардың бірі болмақ.
Форумды қазақстандық QAZBOT Technologies компаниясы ұйымдастырады. Іс-шараға гуманоидты роботтар саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі AgiBot қатысады. Компания жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа буын роботтар мен робототехникалық шешімдер әзірлейді.
Форум барысында QAZBOT Қазақстандағы Robotics & AI саласын дамыту жөніндегі көзқарасын және компания қызметінің негізгі бағыттарын таныстырады. Атап айтқанда, робототехникалық жүйелерді жергіліктендіру және өндіру, бағдарламалық қамтамасыз ету мен AI модельдерін әзірлеу, R&D және Data Factory бағыттарын дамыту, инженерлік кадрларды даярлау және робототехникалық шешімдерді экономиканың түрлі салаларына енгізу мәселелері қаралады.
Іс-шарада бизнеспен практикалық өзара іс-қимылға да ерекше назар аударылады. Форум аясында QAZBOT және AgiBot компанияларының ірі қазақстандық компаниялар өкілдерімен бірқатар жабық B2B кездесуі жоспарланған. Оларға банк және қаржы секторының, мұнай-газ саласының, өнеркәсіптің және Қазақстан экономикасының басқа да негізгі салаларының жетекші өкілдері қатысуға шақырылды.
AgiBot компаниясының операциялық директоры Цзян Цинсун (Jiang Qingsong) робототехника саласының дамуына қатысты халықаралық тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар іскерлік бағдарламада QAZBOT Technologies және Astana Hub өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.
Форумның басты пікірталас алаңы «AI & Robotics: болашақ экономикасын қалыптастыру» тақырыбындағы пленарлық сессия болады.
Іс-шара туралы:
• Өтетін күні: 2026 жылғы 19 тамыз;
• Басталуы: 10:00;
• Өтетін орны: alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы, Астана.