Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда арпаның жаңа сорты пайда болды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 тамыз, 2026 | 11:23
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда арпаның жаңа сорты пайда болды

Ғалымдар шығарған арпаның жаңа сорты қуаңшылық пен топырақтың сорлануына төзімді

Фото: АШМ
Фото: АШМ

Қазақстандық ғалымдар жаздық арпаның «Батырхан» деп аталатын жаңа сортын селекциялап шығарды. Шаруашылыққа тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша бұл сорт оң баға алып, мемлекеттік сорт сынауға жіберілді Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар бұл сорттың басты ерекшелігі – «түптену – түтікке шығу» кезеңінің кемінде 20 күнге созылатындығында. Осы кезеңнің ұзағырақ өтуі қуатты вегетативті масса мен сапалы дәні бар сабақ басының қалыптасуына ықпал етеді.

Жаңа сорт – И. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты ғалымдарының бірлескен еңбегі.

Сортты мемлекеттік сорт сынауға тапсыру – оны өндіріске енгізудің келесі кезеңі болмақ. Сынақ барысында «Батырханның» шаруашылық құндылығы бағаланып, оны Қазақстанның ауыл шаруашылығында одан әрі пайдалану мүмкіндігі анықталады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.