Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан дзюдошылары Әлем чемпионатында рекорд орнатты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 тамыз, 2026 | 11:23
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан дзюдошылары Әлем чемпионатында рекорд орнатты

Президент дзюдодан жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 11 медаль жеңіп алып, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.

Сонымен қатар Кеше кешкісін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен сөйлесті.

Ұйым жетекшісі Мемлекет басшысын балуандарымыздың әлемдік жастар турниріндегі бұрын-соңды болмаған бірегей жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін халықаралық ұйымның басшысына ризашылығын білдіріп, соның нәтижесінде елімізде дзюдо күресі кеңінен дамып келе жатқанына тоқталды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.