Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда тау кластері жобасы бойынша дайындық жұмыстары басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 тамыз, 2026 | 15:45
1 мин. - оқу уақыты

Алматыда тау кластері жобасы бойынша дайындық жұмыстары басталды

Жоба «Шымбұлақ» пен «Oi-Qaragai» курорттарын аспалы жолдар мен тау шаңғысы трассаларының бірыңғай жүйесі арқылы біріктіруді көздейді

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Алматы тау кластері жобасын жүзеге асыру практикалық кезеңге өтті. «дайындық жұмыстары «Шымбұлақ» курортында, сондай-ақ Бұтақты және Кімасар шатқалдарында басталды. Бұл туралы Almaty Tau Management» компаниясы хабарлады.

Компания мәліметінше, «Шымбұлақта» екі жаңа көтергіш — төрт орындық аспалы жол мен сүйретпелі көтергіш салынып жатыр. Олар курорттың өткізу қабілетін арттыруға, келушілер санын тиімді бөлуге және шаңғы тебу жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кімасар шатқалында болашақ базалық станция орналасатын құрылыс алаңы дайындалды. Барлық учаскеде жасыл желектер зерттеліп жатыр. Мамандар ағаштардың қазіргі жағдайы мен орналасуын тіркеп, кейінгі жобалау кезінде табиғи ландшафтты ескеруге және оған әсерді барынша азайтуға мән береді. Ағаштарды таңбалау — оларды зерттеу және есепке алу рәсімінің бір бөлігі.

Еске салайық, Алматы тау кластері «Шымбұлақ» пен «Oi-Qaragai» курорттарын аспалы жолдар мен тау шаңғысы трассаларының бірыңғай жүйесі арқылы біріктіруді көздейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.