Қазақстанда Кертағының (Пржевальский жылқысының) екінші құлыны дүниеге келді. Бұл жолы Умбра есімді бие құлындады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
Бұл — Кертағыны тарихи мекеніне қайтару жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында Қазақстанда туған екінші төл. Алғашқы құлын 22 тамызда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы «Әліби» жабайы тұяқты жануарларды реинтродукциялау орталығында дүниеге келген болатын.
Екінші төлдің дүниеге келуі Қазақстанға әкелінген кертағылардың дала жағдайына бейімделіп, табиғи жолмен көбейіп жатқанын көрсетеді. Бұл алдағы уақытта табиғи ортада өздігінен көбейетін тұрақты популяция қалыптастыру үшін маңызды.
Кертағыны Қазақстанға әкелу 2024 жылы басталды. Алғашқы жылы Еуропадан жеті жылқы жеткізілді. 2025 жылы тағы жеті, 2026 жылы сегіз жылқы әкелінді.