Ұлттық банк «Аңыздар мен мифтер, комикстер» топтамасын толықтырған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» коллекциялық монетасын айналымға шығарады. Жаңа өнімді 2026 жылдың 2 қыркүйегінен бастап kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінен сатып алуға болады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Монета дизайны «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасының желісі бойынша әзірленді. Бұл – мәңгілік махаббатты, адалдық пен берілгендікті дәріптейтін қазақ фольклорының ең танымал туындыларының бірі.
Монета мельхиор (МН 25) қорытпасынан жасалған, тампобаспа технологиясы қолданылған, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы 7 мың дана.