Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 2027 жылы АЕК пен зейнетақы мөлшері қандай болуы мүмкін?
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 02 қыркүйек, 2026 | 18:14
1 мин. - оқу уақыты

2027 жылы АЕК пен зейнетақы мөлшері қандай болуы мүмкін?

Заң жобасы 5 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына ұсынылды

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Қазақстанда «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірленді.

Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштерді белгілеу көзделіп отыр:

• ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге (өзгеріссіз);

• айлық есептік көрсеткіш – 4 693 теңге (2026 жылы – 4 325 теңге);

• мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 38 622 теңге (2026 жылы – 35 596 теңге);

• ең төменгі зейнетақы мөлшері – 74 919 теңге (2026 жылы – 69 049 теңге);

• базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 55 173 теңге (2026 жылы – 50 851 теңге).

Заң жобасында жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерін 8,5%-ға арттыру ескеріле отырып қарастырылған.

Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет аударатын жарналардың мөлшерін мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 2,2%-ы деңгейінде белгілеу ұсынылады. Биыл бұл көрсеткіш 2%-ды құрайды.

Жоба 5 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауы үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.