Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда сегіз көше мен Тұңғыш Президент саябағы кешенді түрде көркейтіледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 қыркүйек, 2026 | 14:13
1 мин. - оқу уақыты

Алматыда сегіз көше мен Тұңғыш Президент саябағы кешенді түрде көркейтіледі

Жобалар аясында 4 357 ағаш пен 795 мыңға жуық бұта егу жоспарланған

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда сегіз қала көшесі мен Тұңғыш Президент саябағын кешенді көркейту жұмыстары жалғасып келеді. Жобалар Сәтбаев, Розыбакиев, Жароков, Тимирязев, Жандосов, Масанчи көшелерінде, сондай-ақ Сейфуллин және Абай даңғылдарында жүзеге асырылып жатыр. Аумақтардың жалпы ұзындығы шамамен 34 шақырым, деп хабарлайды QazMonitor.

Көркейту жұмыстары аумақтарды қасбеттен қасбетке дейін жаңартуды қамтиды. Атап айтқанда, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын салу, көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, сыртқы жарықтандыру мен инженерлік желілерді жаңғырту, шағын сәулет нысандарын орналастыру, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын салу көзделген.

Қазіргі уақытта нысандарда жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын, инженерлік желілер мен сыртқы жарықтандыру жүйесін салу, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында 4 357 ағаш және 795 мыңға жуық бұта егу жоспарланған. Жасыл желекті күтіп ұстау үшін жалпы ұзындығы шамамен 1 012 шақырым болатын автоматты суару жүйесі салынады.

Сонымен қатар 60-қа жуық балалар және спорт алаңын салу, велосипед инфрақұрылымын дамыту қарастырылған. Жобалар аяқталғаннан кейін осы учаскелердегі веложолақтардың ұзындығы 10 шақырымнан астамға артып, 7,21 шақырымнан 17,77 шақырымға дейін ұлғаяды.

Қоғамдық кеңістіктерге де ерекше назар аударылып отыр. Сәтбаев көшесін көркейту аясында аумағы 6,9 гектар болатын Республика алаңы қайта жаңғыртылды. Мұнда 277 ағаш және 32,6 мыңнан астам бұта егіліп, 550 метр веложолақ салынды.

Тимирязев көшесінде аумағы 0,37 гектар болатын «Атакент» кешені алдындағы алаң жаңартылды. Мұнда 67 ағаш және 17,2 мыңнан астам бұта егіліп, 100 метр веложолақ салынды.

Розыбакиев көшесінде Қарасай батыр мен Жамбыл көшелерінің аралығында, сондай-ақ тағы сегіз аумақта желілік саябақтар құру көзделген.

Тұңғыш Президент саябағын көріктендіру де ірі жобалардың бірі болып қала береді. Мұнда кешенді көгалдандыру жүргізіліп, ағаш, бұта және гүл дақылдарын қоса алғанда, 1 млн-ға жуық жасыл желек егу, сондай-ақ үш су қоймасы бар автоматты суару жүйесін құру жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.