Астанада 10-15 қыркүйек аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы учаскеде мердігер ұйым инженерлік желілер мен жол төсемінің негізін орнату жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жолдағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен тиісті көрсеткіштер орнатылады.