Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 10 мыңнан астам жүргізушінің куәлігі тоқтатылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 14 қыркүйек, 2026 | 10:39
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда 10 мыңнан астам жүргізушінің куәлігі тоқтатылды

Цифрлық талдау жүргізушілерде көлік басқаруға болмайтын 8 ауру түрін анықтаған

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің, Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Деректер алмасуды цифрландырудың нәтижесінде 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды.

Денсаулық сақтау министрлігі динамикалық медициналық бақылауда тұрған және көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады.

«Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Көлік құралын басқаруға болмайтын аурулар тізбесі нозологияның сегіз түрін қамтиды», – деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық куәландыру процесі де цифрландырылды. Медициналық анықтама электрондық форматқа көшіріліп, медициналық комиссия қорытындылары ақпараттық жүйелерде көрсетіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.