Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандықтарға eGOV атынан жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі ескертілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 қыркүйек, 2026 | 15:52
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстандықтарға eGOV атынан жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі ескертілді

Бас прокуратура азаматтарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Қазақстанда интернет-алаяқтықтың саны төмендегеніне қарамастан (14,8%, 17,2 мыңнан 14,6 мыңға дейін), қылмыскерлер азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануды жалғастыруда, деп хабарлайды QazMonitor Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тек соңғы бір айдың ішінде елімізде алаяқтардың өздерін «eGov» қызметкерлері ретінде таныстырған 30 жуық дерегі тіркелген.

Осындай жағдайлардың бірінде Тараз қаласының тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін «eGov» қызметкері ретінде таныстырып, оның атына ЭЦҚ шығарылғанын хабарлаған.

Кейін WhatsApp арқылы онымен басқа адамдар байланысып, оның атына жеті банктен несие рәсімделгенін айтқан. Алаяқтардың арбауына түскен әйел үшінші тұлғалардың шоттарына 2 млн теңгеден астам қаражат аударған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бас прокуратура азаматтарды сақ болуға шақырады. Мемлекеттік органдар мен сервистердің қызметкерлері телефон арқылы ақша аударуды, несие рәсімдеуді немесе қаражатты «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етпейді.

Бөгде адамдарға SMS-кодтарды, құпия сөздерді, банк карталары мен ЭЦҚ деректерін бермеңіз, сондай-ақ белгісіз тұлғалардың нұсқауы бойынша ақша аудармауға кеңес берді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.