Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда жұмыссыз ретінде тіркеу тәртібі өзгереді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 қыркүйек, 2026 | 17:11
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда жұмыссыз ретінде тіркеу тәртібі өзгереді

Жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзарады

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

2026 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қызмет көрсету тәсілдерін жетілдіру бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Осылайша, азаматтың мансап орталығына жүгінуі тіркеу рәсімі ретінде қаралмайды. Бұл азаматты жұмысқа орналастыруға дейін сүйемелдеуді қамтитын толыққанды жұмысқа орналасу процесі болмақ. Оның түпкі мақсаты азаматты лайықты жұмысқа орналастыру. Азаматтар үшін бұл өзіне қажетті бағыт бойынша жеке кеңес алуға, лайықты бос жұмыс орындарымен танысуға, қажетті рәсімдерден өтуге және біліктілігіне, тәжірибесіне әрі кәсіби жоспарына сәйкес келетін жұмысты таңдауға көбірек мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба жұмыспен қамту жүйесін алдағы өзгерістерге практикалық тұрғыдан дайындаудың маңызды кезеңі болады. Оның барысында мансап орталықтары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының мамандары жаңартылған жұмыс процестері мен азаматтармен жұмыс істеу тәртібі бойынша қосымша оқудан өтеді.

Осылайша, 2026 жылдың 1 қазаны – жұмыспен қамту қызметінің жұмысын жетілдіруге арналған пилоттық кезеңнің басталатын күні. Осы күннен бастап лайықты жұмыс іздеу мерзімі 13 күнге дейін ұзартылады. Ал жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді төлеу мерзіміне қатысты өзгерістер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.