Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда әнге айналған стрит-жоба пайда болады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 16 қыркүйек, 2026 | 15:20
1 мин. - оқу уақыты

Алматыда әнге айналған стрит-жоба пайда болады

Есентай жағалауы бойында арт-нысан демеушілердің қаражатына жасалады

Qazaqstan Monitor: Алматыда әнге айналған стрит-жоба пайда болады

Бұқар жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі Есентай жағалауының бойында жаңа қалалық арт-бағыт жасалады. Сұр бетон қабырғалардың орнына мұнда Алматыға арналған жағалау бойына созылған көркем композиция пайда болады. Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жобаның негізіне қала туралы әннің жолдары алынған. Олар серуен бағытының бойына кезең-кезеңімен орналастырылады. Шығарма жағалау бойымен жүрген сайын біртіндеп көрініп, тұтас бір хикаяға айналады. Ал QR-код арқылы әнді тыңдап, композициядан оның мәтініндегі жолдарды тауып, арт-бағытты бойлай серуендеуге болады», делінген ақпаратта.

Стрит-арт нысаны қозғалыс үстінде тамашалауға арналған. Яғни, жағалау бойымен жүрген сайын композицияның жаңа бөлігі ашылып, көркем хикая жалғаса береді.

Бетон беттерін безендіру үшін сыртқы жұмыстарға арналған кәсіби қасбет бояуы және Arton арнайы граффити бояуы пайдаланылады. Материалдарды таңдауда олардың ауа райына төзімділігі, түсін ұзақ сақтауы және жабынның беріктігі ескерілді.

Жоба жағалауды көркейту жұмыстары сияқты демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.