Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. VNET Қазақстанда ЖИ инфрақұрылымына арналған кластер құруды қарастырып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 28 қыркүйек, 2026 | 12:10
1 мин. - оқу уақыты

VNET Қазақстанда ЖИ инфрақұрылымына арналған кластер құруды қарастырып жатыр

Компания Қазақстанда ақпараттарды өңдеу орталықтары мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жобасына қатысуға қызығушылық білдірді

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VNET Group директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы Чэнь Шэнмен кездесіп, Қазақстанда ЖИ-ға арналған ақпараттарды өңдеу орталықтары мен инфрақұрылым кластерін құру мәселесін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде компания өкілі Қазақстандағы ірі ақпараттарды өңдеу орталықтары кластерін құруға қатысуға қызығушылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту, технологияларды жергіліктілендіру, бірлескен зерттеулер жүргізу, таланттарды қолдау және құзырет орталықтарын құру бағыттарында VNET-пен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Президент сондай-ақ Shanghai Junhe Atomic Technology компаниясының басшысы Тянь Цзяшумен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Перспективалы бағыттардың бірі ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану аталды.

Тараптар табиғи уранды өңдеу мен ядролық отын өндіруден бастап, шағын модульдік реакторларды құрастыруға дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыру мәселесін қарастырды.

Кездесуге Hong Kong Sino-Science Oil and Gas және Silk Road Finance Corporation компанияларының басшылары да қатысты. Hong Kong Sino-Science Oil and Gas компаниясы Қазақстанға жұмыс істеген жылдары 3 млрд доллардан астам инвестиция салған.

Еске салайық, «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумында екі елдің өкілдері бірлескен жобаларды іске асыру бойынша 10 келісімге қол қойды. Президенттің мәліметінше, Қытай қатысатын жобалар портфелінің құны 62 млрд доллардан асты. Қазақстан мен Қытай тауар айналымын 100 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.