Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда цифрлық майнинг үшін ілеспе мұнай газын пайдалануға рұқсат берілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 07 қазан, 2026 | 15:30
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда цифрлық майнинг үшін ілеспе мұнай газын пайдалануға рұқсат берілді

Еліміз криптоиндустрияны жаңа экономиканың бір бағыты ретінде дамытуды көздеп отыр

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Қазақстанда криптоиндустрияны дамытуға арналған жаңа тетіктер енгізіледі. Оның ішінде цифрлық майнинг үшін ілеспе мұнай газын пайдалану және жаңа генерацияға инвестиция тартуға арналған «70/30» механизмі қарастырылған. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, Digital Qazaqstan стратегиясы аясында Қазақстан криптоиндустрияны жаңа экономиканың бір бөлігі ретінде ресми түрде дамыта бастайды. Саланың жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық база да қалыптасқан.

Министрдің мәліметінше, 12 қыркүйекте қуаты 90 МВт болатын стратегиялық цифрлық майнинг іске қосылды. Сонымен қатар жаңа генерацияға инвестиция тарту үшін «70/30» механизмі енгізіледі.

«CryptoPay қазірдің өзінде 5 мыңнан астам сауда нүктесінде қолжетімді», – деді вице-премьер.

Бұған дейін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі майнерлерге салықтық жеңілдіктер енгізу мәселесін пысықтап жатқаны хабарланған болатын.

2023 жылдан 2026 жылғы мамырға дейін Қазақстан аумағында аккредиттелген майнинг пулдары шамамен 7,2 мың биткоин (BTC) өндірген. Осы кезеңде мемлекеттік бюджет «ақ» майнерлерден салық төлемдері түрінде шамамен 35 млрд теңге түсім алды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.