Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан емханаларында 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 қараша, 2025 | 12:58
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан емханаларында 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды

2027 жылға қарай барлық МСАК ұйымдары жалпы практика қағидаттарына көшеді

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Еліміздің емханаларында ашылған жедел жәрдем бөлімшелерінде 995 мобильді бригада жұмыс істейді.

Емханалардағы жедел жәрдем кабинеттері жедел жәрдем келгенге дейін өмірге қауіп төнбеген кезде жедел жағдайларда пациенттерді алғашқы зерттеп-қарап, емдік шараларды жасайды.

Биылдан бастап тіркелген халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдардың жұмыс уақытында 8:00-ден 20:00-ге дейін МСАК-қа берілді. Ол үшін 995 мобильді бригада жұмыс істейді.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартын бекітті. Негізгі өзгеріс жалпы практика дәрігерінің жұмыс күнінің жаңа ережесі болып отыр. Атап айтқанда, жалпы практика дәрігерінің жұмысы 8 сағатты құрайды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға, қалған 2 сағаты құжаттаманы рәсімдеу және жоспарлы сапарлар үшін белгіленген.

Ведомство бұл режим қабылдау сапасын арттыруға және дәрігерлерге жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар 2027 жылға қарай барлық МСАК ұйымдары жалпы практика қағидаттарына көшетінін еске салды. Терапевттер мен педиатрлар мобильді және мультидисциплиналық топтардың құрамына кіретін бейінді мамандар ретінде жұмыс істейтін болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.