Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қазан, 2025 | 22:52
2 мин. - оқу уақыты

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

Осы жобаны іске асыруға әзірге 10 млрд теңге инвестиция тартылған

Фото: Жетісу облысының әкімдігі
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында Республика күнінің қарсаңында «Қайнар-АКБ» зауытының жаңа өндірістік желісі іске қосылды. Мұнда резервте электр қуатын беруге арналған аккумулятор батареялары өндіріледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Зауыт ұжымын қуанышты сәтпен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады:

Өз кезегінде «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры Ербол Ажмағамбетов облыс әкімдігінің қолдауына ризашылығын білдіріп, жаңа желінің жұмысы зауытқа тың тыныс беретінін атап өтті. Мұнан соң өңір әкімі мен зауыт басшысы символдық нүктені басып, жаңа желінің жұмысын ресми түрде бастап берді.

Зауыт басшылығының мәліметіне қарағанда, жаңа жобаны іске асыруға әзірге 10 млрд теңге инвестиция тартылған, алдағы уақытта инвестиция көлемі өседі деп күтілуде.

Еске салсақ, «Қайнар-АКБ» зауыты - облыстағы ең ірі, жүйеқұраушы кәсіпорынның бірі. Онда 1200 адам жұмыс істейді. Зауыттың Талдықорған қаласы өнеркәсібіндегі үлесі қазір 33,6% құрап отыр. Бүгінде мұнда жеңіл және жүк автомобильдеріне, ауыл шаруашылығына, әскери техникада т.б. салаларда қолдануға арналған аккумулятор батареяларының 50-ден астам түрін шығарылады. Кәсіпорында аккумулятор өндірісінің толық автоматтандырылған циклі енгізілген - бөлшектерді құюдан бастап дайын өнімді құрастыруға дейінгі барлық құрамдас бөліктер өндіріледі. Өнімдері Италия, Польша, ОАЭ, Ресей, Қытай және басқа да таяу шетелдерге экспортталады. Өткен сегіз айда мұнда шамамен 1,7 млн дана аккумулятор батареясы шығарылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.