Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Еліміздегі модернизацияланған алғашқы вокзал пайдалануға дайын
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 қараша, 2025 | 14:12
1 мин. - оқу уақыты

Еліміздегі модернизацияланған алғашқы вокзал пайдалануға дайын

Ақмола облысының Макинск қаласындағы жаңғыртылып жатқан темір жол вокзалында соңғы жұмыстар қалды

Ақмола облысының әкімдігі
Ақмола облысының әкімдігі

Еліміздің көлік инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама аясында Ақмола облысының Макинск қаласындағы теміржол вокзалын модернизациялау жобасы аяқталуға жақын. Жалпы Қазақстан бойынша 125 теміржол вокзалы жаңғыртылатын болса, олардың 16-сы Ақмола облысында орын тепкен.

Макинск вокзалы ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстар аясында инженерлік желілер жаңартылып, жолаушыларға арналған жағдайды жақсартылады. Сондай-ақ нысан заманауи сервис стандарттарына сәйкестендіріледі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды: ғимарат реконструкциясы, шатыр мен фасадты ауыстыру, кондиционерлеу, желдету және инженерлік коммуникацияларды толық модернизациялау жүргізілді. Вокзал алдындағы аумақ абаттандырылды. Қазір соңғы кезең – жабдықтарды орнату және перронды жөндеу жұмыстары орындалып қалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.