Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 қараша, 2025 | 16:04
1 мин. - оқу уақыты

Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсті

10 айдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 115,6 млрд теңгені құрады

alatau.city
alatau.city

Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсіп, 8,8 млрд теңгеге жетті. Қаланың 10 айдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 17%-ға артып, 115,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, қалаға салынған инвестиция көлемі 13%-ға өсіп, бүгінде шамамен 46,4 млрд теңгеге жеткен.

Өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың ішінде PepsiCo, United Hygiene, «Молочная долина», АСП арена, QazQon Hub, АВЗ, Исткомтранс сияқты басқа да ірі компаниялардың логистика, АӨК, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жаңа өндіріс орындары бар,

Сонымен қатар жалпы ауданы 97,9 мың гектарды құрайтын еліміздегі ең ірі Аlatau АЭА құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ол Алатаудағы тұрғын үй құрылысы туралы айтты. Биыл 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазір халықаралық сарапшыларды тарту және әлемнің жетекші мегаполистері тәжірибесін зерделеу арқылы қаланың дизайн-коды және кешенді көлік схемасы әзірленіп жатыр.

Дереккөз: Үкімет

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.