Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қайтарылған активтерден Qyzyljar АЭА дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қараша, 2025 | 12:01
1 мин. - оқу уақыты

Қайтарылған активтерден Qyzyljar АЭА дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінді

Қаржы жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға салынады

telegram / KZgovernment
telegram / KZgovernment

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar арнайы экономикалық аймақты дамытуға арнаулы мемлекеттік қордан 9,6 млрд теңге бөлді.

Бүгінгі күні Qyzyljar АЭА-ға 20-дан астам қатысушы тіркелген. Олардың жалпы жарияланған инвестициясының көлемі 317,1 млрд теңгені құрайды, бұл 4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде құны 28,4 млрд теңге болатын 5 жоба қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Қазіргі уақытта АЭА аумағында сумен жабдықтау және жауын суын бұруға арналған кәріз жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар №3 қосалқы аймаққа арналған теміржол желілерінің құрылысы басталды. Бұл ретте жылу желілерін тарту, жолдар, дренаж жүйесі, байланыс желілерін тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.