Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Абай облысында игерілмеген 171,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қараша, 2025 | 13:15
1 мин. - оқу уақыты

Абай облысында игерілмеген 171,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Биыл 170 мың гектар жерді қайтару жоспарланған

gov.kz
gov.kz

Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары биыл ерекше қарқынмен жүргізіліп, жылдық жоспар толық әрі мерзімінен бұрын орындалды.

Мемлекет меншігіне қайтарылған 171,2 мың гектар жердің 151,5 мың гектары – жайылым, 10,7 мың гектары – егістік, 9,1 мың гектары – өзге санаттағы жерлер.

Әкімдік өңірде жүргізіліп жатқан бұл жұмыстың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған жерлерді қайтадан экономикалық айналымға енгізу, тиімділігін арттыру және жер ресурстарын басқаруға қатысты ашықтықты қамтамасыз ету екенін еске салды.

Қайтарылған жерлер алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жаңа жобаларды іске асыруға және өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға пайдаланылатын болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.