Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы облысында 289 млрд теңгеге жаңа зауыт салынып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 қараша, 2025 | 17:39
1 мин. - оқу уақыты

Алматы облысында 289 млрд теңгеге жаңа зауыт салынып жатыр

Жобаны толықтай шетелдік инвесторлар қаржыландырады

gov.kz
gov.kz

Алматы облысында жылына 1,2 млн тонна болат өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталды. Asia United Steel зауытында 600 жұмыс орнын ашу көзделген.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылып, елдің оңтүстігіндегі ең ірі металлургиялық кәсіпорындардың біріне айналады деп жоспарланып отыр.

Өндірістік алаң «Қазыбек бек» индустриялық аймағында 78 гектар жерге орналаспақ. Жалпы, бұл аймақта жалпы құны 640 млрд теңгеден асатын жобалар портфелі бар 11 инвестор орналасқан, шамамен 2,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Алматы облысы индустриялық аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Ербол Шокаевтың айтуынша, инвесторларға индустриялық аймақтың 900 гектарының 567 гектары бөлінген. Алдағы екі жылда аймақ толыққанды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі — 150 МВт электр қуаты, тәулігіне 8000 м³ су, тәулігіне 100 вагондық жүк жөнелтуге мүмкіндік беретін теміржол логистикасы. Құрылысты бастау үшін қатысушылар уақытша электр және су желілерімен қамтылған.

Айта кетейік, жобаны толықтай шетелдік инвесторлар қаржыландырады. Өндіріс ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие құрылыс және өндірістік өнімдер өндіруге бағытталады.

Кәсіпорын құрылысы бірнеше кезеңнен өтіп 2027 жылға дейін толық аяқталады. Зауыт балқытуға арналған энергия тиімді пештермен жабдықталады. Электр энергиясының қолданылуы қоршаған ортаға келетін зиянды барынша азайтады, ал өндіріс толықтай экологиялық стандарттарға сай болады, деді әкімдікте.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.