Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ұлттық жылқы шаруашылығын дамыту орталығы салынып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 23 қазан, 2025 | 19:21
1 мин. - оқу уақыты

Ұлттық жылқы шаруашылығын дамыту орталығы салынып жатыр

Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқталмақ

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысында ұлттық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Мұнда «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндірісі» ғылыми-зерттеу институтының ғимаратының іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары басталды.

«Қазақ жылқы шаруашылығы және жем-шөп өндірісі» ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Әлібек Базарғалиевтің айтуынша, құрылыс жұмыстары 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқталмақ.

Институттың жобалық сызбасына сәйкес, кешен аумағында манеж, ат қора, ветеринариялық пункт, зертханалар мен ат жарыс жолы бар.

Аталған институттың құрылыс жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында аяқталып, толық іске қосылады деп күтілуде. Жоба іске асқан жағдайда, Ақтөбе өңірі еліміздегі жылқы шаруашылығы мен қымыз өндірісінің басты ғылыми орталығына айналмақ.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.